Атырау, 26 қараша 19:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Жоғарғы сот Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы басшысы Шухрат Данбайды ақтау үкімінің күшін жойды

1 277 просмотра

Жоғарғы сотта Атырау МӨЗ бұрынғы директоры Шухрат Данбайға қатысты ақтау үкімі бойынша Бас прокуратураның кассациялық наразылығы қаралды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АМӨЗ басшысы ретінде Данбай бөгде кәсіпорындармен ақаулы жабдықты ауыстыру және жөндеу шарттарына қол қойғаны анықталды. Fқаулы жабдықтың құнын қайтару бойынша шаралар қабылданбаған.

Келтірілген залал 2,9 млрд теңгені құрады.

2023 жылдың мамырында Шухрат Данбайға ақтау үкімі шығарылды. Енді Жоғарғы сот оны жою туралы шешім қабылдады, өйткені сот көрсеткен жағдайлар расталмады.

Қылмыстық іс сот қарауына қайта жолданды. Сот алқасы жаңа құрамда болуы тиіс.

Еске салайық, бұдан бұрын Ulysmedia.kz қылмыстық істің егжей-тегжейін жазған.

Шухрат Данбай алдымен Павлодарда, содан кейін Атырауда мұнай өңдеу зауыттарының бас директоры болды. Павлодар мұнай-химия зауытында ол 2009 жылдың қыркүйегінен 2017 жылдың қарашасына дейін еңбек етті.

26 қазан 2023, 17:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.