Атырау, 2 мамыр 13:47
 ашықВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Журналист Эрик Садықов: «Атырау» футбол клубында ойнайтын қазақстандықтар өте аз

527 просмотра

Betnews.by басылымына берген сұхбатында қазақстандық журналист Эрик САДЫҚОВ бапкер Виталий Жуковскийдің жетекшілігімен чемпионаттағы «беларусиялық» ойыншылардан құралған команда болған «Атырау» футбол клубының ойынына қатысты пікір білдірді.

- Һмм, Беларусь құрамасының «базалық» клубы дейді мұндағылар. Ойыншылар бапкерін жерге қаратқан жоқ. Жалғыз нюанс, бірақ бұл ішкі мәселе, мүмкін, Виталий Жуковскийдің кінәсі емес шығар... Атырауда ойнайтын қазақстандықтар өте аз. Жергілікті жанкүйерлер: «біз беларусь футболшыларына олардың мансабын аяқтап, зейнетақы алуына көмектесуіміз керек пе? Ал біздердікі ше?» деп дұрыс айтады. Олар ашуланған еді, бірақ соңында команда нәтижесін көрсетті. Команда алтыншы орыннан төменге түспеуді мақсат етті.

Шынымды айтсам, алтыншы орынның не беретіні маған түсініксіз. Ал, былайынша, жігіттердің жасын ескерсек, олар жақсы өнер көрсетті – қақпашы Хаткевич те, көшбасшы болған жартылай қорғаушы-капитан Стасевич те... Айтпақшы, Нойокты Атырауға шақыруға Беларусь футболшылары ұсыныс жасағанын естідім, - деп Садықовтың сөзін келтіреді Betnews.by.

Жомарт ӘМІРХАНОВ

26 қазан 2023, 16:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.