Атырау, 26 қараша 19:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Атырауға «шахмат керуені» келе жатыр

837 просмотра

28 қазан күні сағат 10-да Сұлтан Бейбарыс алаңында Атырауда Қазақстан шахмат федерациясының облыстық филиалының ашылу салтанаты өтеді. Ашылу салтанатынан соң шахматтан блиц бойынша әуесқойлар арасында турнирдың жартылай финалы ұйымдастырылады. 

Турнир республикалық «Шахмат керуені» жобасы аясында өткізіледі. Блицтен жартылай финал Сұлтан Бейбарыс алаңында арнайы тігілген мобильді киіз үйде болады. Оған Конституция күніне орай ұйымдастырылған облыстық іріктеуден өткен 20 әуесқой шахматшы қатысады. 11 турдан тұратын турнирде үздік нәтиже көрсеткен үш жеңімпаз 10 қараша Түркістанда болатын гранд-финалға жолдама алады. 

Сонымен қатар, жартылай финалда бақ сынаған 3 шахматшы «Әйелдер арасындағы үздік көрсеткіш», «16 жасқа дейінгі үздік қатысушы» және «50 жастан асқандар үздік ойыншы» аталымдары бойынша марапатталып, 30 мың теңгелік ақшалай сертификаттарға ие болады. Ал алдын ала тіркелген 10 адам гроссмейстермен бір мезеттік ойын сеансына қатысады. «Шахмат керуені» жобасы елімізде интеллектуалды спорт түрін насихаттап, әр аймақта ала тақта үздіктерін анықтауға бағытталған. 14 мың шақырым жол жүріп, Қазақстанның 20 қаласын қамтитын жоба аясында ашық шағын турнирлер өтеді. Алғашқы ойын 12 қазан күні Көкшетауда басталған. 

Гранд-финалда 60 ойыншы арасынан оза шапқан жеңімпазға 5 миллион теңге сыйақы тағайындалып отыр. Ал керуеннің жалпы жүлде қоры – 16 миллион теңге.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

27 қазан 2023, 11:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.