Мерекеге орай Атырау облысы полиция департаментінде салтанатты шара өтті. Шара департамент бастығы, полиция полковнигі Нұрхат ОРАЗБАЕВТЫҢ құттықтау сөзімен бастау алды.
Өз қызметтік міндеттерін адал атқарған, қызметте жоғары жетістіктерге қол жеткізген қызметкерлер ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен арнаулы атақтармен, "Қазақстан полициясына 30 жыл" төс белгісімен, ІІМ алғыс хатымен, сондай-ақ, Атырау облысы әкімінің және ПД бастығының алғыс хатымен марапатталды.
Мерекелік концерттік бағдарламаны департаменттің өнерлі қызметкерлері және өңірдің бірқатар өнерпаздары жалғастырды.
Жомарт ӘМІРХАНОВ