Атырау, 28 қыркүйек 12:21
 ашықВ Атырау +15
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Сот қызметкерлері марапатталды

Сурет
728 просмотра

Республика күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиынға облыс соттарының судьялары мен қызметкерлері қатысты. Қатысушыларды Атырау облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Тәтті УАЛИЕВА мен Судьялар одағы Атырау облыстық филиалының төрағасы Мирамбек НАҒАШЫБАЕВ құттықтады. 

Одан кейін марапаттау рәсімі өтті. Атырау облыстық сотының судьясы Д.Тухфатова Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының II дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен, Сот әкімшілігінің Атырау облысы бойынша департаментінің құжат айналымы бөлімінің бас маманы Ж.Курманова, Атырау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшісінің басшысы С.Айдарбаева «Сот жүйесінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.  

Атырау қаласының №2 сотының судьясы З.Қазақбай Судьялар одағының «Үш би» Құрмет белгісімен, Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы М.Ерғазиев және Атырау облыстық сотының судьясы А.Ташенова «Судьялар одағының құрметті мүшесі» Құрмет белгісімен марапатталды. Сонымен қатар, Атырау облыстық сотының судьясы Г.Даулетова, Махамбет аудандық сотының төрағасы А.Досмагамбетова «Жеті жарғы» Құрмет белгісімен марапатталды.

Атырау қаласының №2 соты әкімшісінің басшысы М.Канатова, Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшісінің басшысы А.Спанова, Сот әкімшілігінің Атырау облысы бойынша департаментінің құжат айналымы бөлімінің бас маманы А.Султанова «Сот жүйесінің белсенді қызметкері» Құрмет белгісімен марапатталды.

Сондай-ақ, судьялар мен сот қызметкерлері Жоғарғы Соттың және облыстық сот төрағасының құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен, Судьялар одағы және Судьялар одағы филиалының құрмет грамоталары, алғыс хаттарымен марапатталды.

Жомарт ӘМІРХАНОВ

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі ұсынған суреттер

26 қазан 2023, 08:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.