Атырау, 26 қараша 19:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

«ҚазТрансОйл» АҚ Қашаған мұнайын Атырау-Самара мұнай құбыры арқылы жөнелтеді

974 просмотра

«ҚазТрансОйл» АҚ «Қашаған» кен орнынан мұнайды айын кем дегенде 80 мың тонна көлемінде экспорттайды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

«Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау-Самара» учаскесі арқылы, одан әрі «Транснефть» ЖАҚ жүйесі арқылы, кейіннен Новороссийск порты, Шесхарис терминалы арқылы жөнелтеді. 

Бұл шара күзгі-қысқы кезеңде осы учаскеде мұнай айдаудың барынша техникалық мүмкіндігін сақтау мақсатында жүргізілуде.

Еске салайық, 2023 жылдың наурыз айында «ҚазТрансОйл» АҚ Қашаған кен орнынан 6,9 мың тонна мұнайды Ақтау порты арқылы одан әрі Баку портына экспортқа тиеп жіберді. 

25 қазан 2023, 13:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.