Атырау, 26 қараша 19:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Атырау гарнизонының әскери қызметшілері жыл сайынғы сынақтарын тапсырды

822 просмотра
Бейнежазбадан алынған скриншот

Атырау гарнизоны әскери қызметшілері дене шынықтыру, жауынгерлік және кәсіптік дайындығы сыналған 2023 оқу жылындағы қорытынды тексеріс бойынша бағаланды.

2023 жылғы 16 қазан мен 21 қазан аралығында ҚР Қарулы Күштерінің Бас штабы әскерлерді қорытынды тексеруді қабылдауды ұйымдастырды, бұл бөлімшелердің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігінің жай-күйін, сондай-ақ жеке құрамды дайындаудың кәсіби деңгейін анықтауға мүмкіндік берді.

Қорытынды тексерудің негізгі мақсаты – әскерлерді даярлау сапасын бағалау және командирлерге күнделікті және оқу-жауынгерлік даярлық іс-шараларын ұйымдастыруда жұмыс нысандары мен әдістерін жетілдіруге көмектесу.

Осы кезеңде гарнизонның әскери қызметшілері мемлекеттік-құқықтық, дене күші, атыс және арнайы дайындық бойынша сынақтардан өтіп, сондай-ақ жалпы әскери жарғылар бойынша білімдерін көрсетті. Барлық сынақ сабақтары қауіпсіздік ережелерін бұзусыз аяқталды.

Тексеру нәтижелері бойынша әскери қызметшілер командирлер мен сержанттардың адал еңбегін және гарнизонның барлық жеке құрамының қызметтік және оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындауға дайындығын айғақтайтын ерекше үздік баға алды..

Жомарт ӘМІРХАНОВ

25 қазан 2023, 13:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.