Атырау облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес Азаттық даңғылы, 72А мекенжайы бойынша дүкен салуға тапсырыс берушіге жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Тексеру барысында жобалық-сметалық құжаттама мен сараптаманың оң қорытындысының жоқтығы, құрылыс-монтаж жұмыстарының техникалық және авторлық қадағалаусыз жүргізілгені анықталды. Осының негізінде облыстық МСҚБ басқармасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс бойынша айыппұл салып, рұқсат құжаттарын жинау және құрылыс жұмыстарын аяқтамай тоқтату қажеттігі туралы ұйғарым шығарды.
Жомарт ӘМІРХАНОВ