Атырау, 26 қараша 22:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

«КоЖан» АҚ нысандарына профилактикалық бақылау жүргізілді

843 просмотра

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің инспекторлары 2023 жылдың екінші жартыжылдығына арналған профилактикалық бақылау тізіміне сәйкес «КоЖан» АҚ-ның қауіпті өндірістік объектілерінде және қауіпті техникалық құрылғыларында бақылау жұмыстарын жүргізді.

Кәсіпорын көмірсутек шикізаттарын барлау және өндіру бойынша мұнай операцияларын жүзеге асырады, Жылыой ауданындағы «Морское» және «Огайское» мұнай кен орындарында және Атырау облысы Махамбет ауданындағы Қаратал кен орындарында өндірілген мұнайды дайындауды, сақтауды, тасымалдауды, маркетингті және өткізуді қамтамасыз етеді.

Профилактикалық бақылау барысында 33 нысан тексеріліп, бірқатар өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзу деректері анықталды.

Негізгі бұзушылықтардың кейбірі:

- апатты жою жоспарына сәйкес жұмыстарды жүргізу үшін материалдық ресурстардың қоры жоқ;

- технологиялық құрылымдар толық тексерілмейді және диагностикасы жүргізілмейді;

- өндірістік бақылау туралы ережеге сәйкес өндірістік бақылау жүргізілмейді және т.б.

Мемлекеттік инспекторлар профилактикалық бақылау нәтижелері туралы акт беріп, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарды.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын басшылығымен және қызметкерлерімен кездесу өткізіліп, бұзушылықтарды жою мерзімдері талқыланып, ҚР өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы заңнама талаптарына, оның ішінде «Мұнай-газ саласындағы қауіпті өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларына» түсіндірмелер берілді.

Жомарт ӘМІРХАНОВ

24 қазан 2023, 17:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.