Атырау облысы әкімдігінің телеграмм чатында өңір тұрғыны №2 қалалық емхана басшылығының декреттік демалысқа шыққан мекеме қызметкерінен қызметтік баспананы босатуды талап етіп жатқанына шағымданды. Шағымданушы бұған дейін басшылар бекітілген баспана 2001 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан қызметкерге тиесілі болып қалады деп сендірді дейді.
Бұл жөнінде №2 емхана директорынан ресми жауап келді: «2022 жылдың 5 наурызында Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы мен Қ. арасында жасалған жалға алу шартына сәйкес, шарттың қызмет ету мерзімі 1 жыл. Аталған қызметкерден келісім шартты ұзарту туралы хабарлама болмағандықтан, Азаматтық кодекстің 545-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, жалға алу шартының заңдық күшінің аяқталуына байланысты, қызметкерге қызметтік пәтерді алдын ала босату туралы хабарлама жіберілді.
Кадр тапшылығын азайту мақсатында №2 қалалық емханаға басқа өңірлерден мамандар тартылуда. Бұл қызметтік баспанаға мұқтаждық туғызып отыр. Осы мән-жайларды ескере отырып, аталмыш қызметкерге барлық мән-жай түсіндірілгенін хабарлаймыз».
Жомарт ӘМІРХАНОВ