Атырау, 26 қараша 22:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Колледждерге қатысты «бал ашып» білеміз бе?

757 просмотра
freepik.com 

Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы өз сайтында осы жыл басынан бері жүргізілген аудиторлық тексерулердің негізгі нәтижелерін жариялады.

31 учаскеде 8 тексеру жүргізілді. Барлығы 72,9 млрд теңгеге бұзушылықтар анықталды (оның 57,1 млрд теңгесі қаржылық бұзушылық; 4,1 млрд теңгесі бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану; тиімсіз жоспарлау – 11,7 млрд теңге, ал 328 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар).

Оларды жою үшін ревком мемлекеттік органдарға 26 ұсыныс пен 168 нұсқау жіберді. Кінәлі қызметкерлерге жалпы сомасы 1 млн 638 мың теңге әкімшілік айыппұл салынып, 19 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның 4-уі бірінші басшылар.

Біз Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясы басшысының м.а. Нұрбол ҚОНЫСОВТАН қай басшылар екенін нақтылауға тырыстық. Оның айтуынша, олар кәсіптік-техникалық колледждердің басшылары. Бірақ нақты қайсысы екенін айтудан бас тартты. Интернеттегі іздеу жүйесі біздің облыста олардың саны 17 екенін көрсетті. Ал енді болжап көріңіз...

Айнұр САПАРОВА

24 қазан 2023, 15:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.