Атырау, 26 қараша 19:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Азық жетпесе, көрші ауылдан аламыз

394 просмотра

Облыс бойынша 2023-2024 жылға 600 мың тонна ірі сабақты мал азығы қажет еді. Өткен жылдан қалған 88 тонна мал азығын есептегенде, облыс бойынша 511 мың тонна ірі сабақты шөп дайындалды.

Жалпы әр шаруашылық шабындық, жайылымдық жерлерінен мал азығын дайындаған болатын. Ал жетпегенін Ақтөбе, Батыс Қазақстан облысы аудандарынан өара келісіп сатып алған. Мақат пен Жылыой аудандары малшылары Қызылқоға ауданынан жер алып, шөп шауып жатыр. Бүгінде мамандардан алынған мәлімет бойынша орама шөп бағасы 6000-10000 теңге аралығында сатылып жатыр.

Қажетті құрама және кебек жемдер килосы «Карат» ЖШС-нен 70-75 теңгеден сатылса, ауылдық округтегі операторлар тасымалдау арқылы Батыс Қазақстан мен Ақтөбеден жеткізіп отыр. Облыстық баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, қазір жеммен қамту облыс бойынша 65-70 пайызды құрады. 

Мал азығын дайындағандарға бюджеттен субсидия беріледі. Өткен жылы 1,7 млрд теңге берілсе, биыл 1,9 млрд теңге жергілікті бюджеттен бөлініп отыр. Қараша айының 1-нен бастап субсидия төлеу басталады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

Суретті түсірген автор

27 қазан 2023, 08:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.