Бүгін Атырау облысы Мақат ауданындағы «Kazakh Construction Group» ЖШС жұмысшыларының ереуілі басталды, деп хабарлайды Petrocouncil.kz.
«Бүгін Атырау облысының Мақат ауданында (Қашаған газы үшін) газ өңдеу зауытын салып жатқан «Kazakh Construction Group» ЖШС жұмысшылары жалақыларын көтеруді талап етіп, ереуілге шыққанын білдік. Естеріңізге салсақ, бұған дейін БАҚ-тар аталған ЖШС-нің басшысы бұрынғы ҚР Еңбек министрі Серік Әбденов екенін жазған еді», - делінген хабарламада.