Соңғы кездері «Атырау-Жарық» АҚ мекемесі басшылығы мәлімдегендей, инвестициялық бағдарлама негізінде көптеген шаралар жүзеге асып жатқан көрінеді. Мәселен, Атырау қаласында орналасқан 4 және 8 дана 10\6\0,4 кВ қосалқы трансформаторлық станцияларына жаңғырту жұмыстары қызу жүруде.
- «Еркінқала» шағын ауданындағы КТП-№441\6 және Менделеев көшесі,13 мекен-жайы бойынша КТП-№11\13 нысандарында өткізу қабілеттілігін арттыру мақсатында жабдықты ауыстыру және 0,4 кВ әуе желісінің бағаналарын, СИП сымдарын ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Ауыстырылған электротехникалық жабдық жоғарғы сапа көрсеткіштерімен сипатталады, - дейді «Атырау-Жарық» АҚ күрделі жөндеу қызметінің басшысы Ришат ӨТЕПОВ. –Бұл қызмет ету мерзімінің жөндеуаралық кезеңінің ұлғайып, техникалық экономикалық көрсеткіштері өскенін білдіреді. Орындалған жұмыстар нәтижесінде тұтынушыларға жарықтың сенімді және үздіксіз берілуі қамтамасыз етіледі.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА