Республика күніне орай «Геолог» спорт кешенінде Судьялар одағы филиалының ұйымдастыруымен Атырау облысы соттары арасында спартакиада өтті. Фемиданың қызметшілері футбол мен үстел теннисінен жарысты.
Құттықтау сөзінде Судьялар одағы филиалының төрағасы Мейрамбек НАҒАШЫБАЕВ Спартакиаданы ашық деп жариялап, барша жұртшылықты келе жатқан мерекемен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.
– Бүгінгі спартакиада – сот жүйесінде дене шынықтыру мен спортты дамытуға мүмкіндік. Мұндай турнирлер денсаулықты, әріптестер арасындағы сыйластық пен достық қарым-қатынасты нығайтады, - деп атап өтті М.Нағашыбаев.
Қонақтар мен байқауға қатысушылар үшін концерттік бағдарлама ұсынылды.
Үстел теннисінен жарыс қорытындысы бойынша І орын Құрманғазы аудандық соты әкімшісінің бас маманы А.Айтекеноваға, ІІ орын Атырау қалалық соты әкімшісінің басшысы Э.Төлепбергеноваға, ІІІ орынға Атырау қалалық соты әкімшісінің бас маманы Д.Зинешова ие болды.
Футболдан І орынды «Фемида» командасы, ІІ орынды «Әділет» командасы, ІІІ орынды «Төрелік» командасы иеленді.
Жарыс жеңімпаздары дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Жомарт ӘМІРХАНОВ