Атырау, 26 қараша 22:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Атырауда байланысқа қатысты проблема басталды

Толықтырылды
1 062 просмотра

Бүгін, 24 қазанда таңертеңнен бастап азаматтар «Avtobus» қосымшасында қоғамдық көлік қозғалысын бақылай алмады. Экран тек аялдама орналасқан нүктелерді көрсетіп тұрды.

Қоғамдық көлікте жол жүру ақысын Beeline пайдаланушылары ғана QR коды арқылы төлей алды. YandexGo және Indriver қосымшалары мен банк банкоматтары да жұмыс істемеді. Әйелдер чаттарында қыздар сториздің жүктелмегеніне шағымданды. Әзірге билік немесе ұялы байланыс операторларының өкілдері ресми мәлімдеме жасамады. Әлеуметтік желілерде алдағы уақытта митингі болады деген болжамға қатысты тараған ақпаратқа байланысты байланыс сигналдары тұншықтырылып жатыр және Атырау облысындағы Kcell ұялы байланыс операторына қатысты проблемалар туындады деген бейресми екі нұсқа айтылып жатыр.

ЦДИАӨМ хабарлағандай, бүгін, 24 қазанда Атырау облысы бойынша Activ, Kcell, Tele2 мобильдік операторлардың қызметінде (интернет) техникалық ақаулықтардың кесірінен 08:00 – 12:00 сағат аралығында байланыстың үзілуі тіркелді. Аталған байланыс операторларының абонеттерінде кейбір қызметтерге қолжетімділік болмады (банк, тасмалдау және т.б. қызметтер). Қазіргі уақытта байланыс жүйесі штаттық режімде жұмыс істеуде.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

24 қазан 2023, 13:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.