Атырау облысы Индер ауданының 65 жастағы тұрғыны осы уақытқа дейін кеңестік төлқұжатпен өмір сүріп, тек биыл ғана қазақстандық жеке куәлік алуды ұйғарыпты. Өйткені зейнетақы тағайындау, емделу және т.б. мәселелер туындаған.
- Индер аудандық полиция бөлімі басшысының нұсқауымен көші-қон қызметі тобының аға инспекторы тез арада қажетті құжаттарды дайындап, 65 жастағы азаматқа жеке куәлік табыстады. Өткен жылы осыған ұқсас үш жағдай Құрманғазы ауданында да тіркелген еді, - деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ер адам мемлекеттік көмекті ұйымдастыру бойынша шаралар кешенін жедел әзірлеп, жүзеге асырған полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА
ПД жолдаған сурет