Еурокубоктардың үшінші туры - турнир кестесі нақты ерекшеліктерге ие болатын және командалардың плей-оффқа шығу мүмкіндігі бар деп айтуға болатын уақыт келді. "Балкани" мен "Астана" үшін бетпе — бет матч - бұл мүмкіндікті арттырады. Біз Parimatch сарапшыларынан осы ойыннан не күтуге болатынын білдік.
26 қазан
22: 45 Астана уақыты бойынша
Приштина,"Фадил Вокри"
“Балкани”
Егер де Косово футболының жанкүйері болмаса, оқырмандардың көпшілігі бұл клуб туралы ештеңе білмейді деп болжауға болады. Нені білу маңызды: дәл қазір "Балкани" - Косово чемпионатының көшбасшысы. Команда ізін басып келе жатқан "Дритадан" 2 ұпайға, ал үшінші орындағы "Лапиден" 4 ұпайға алдыға озып, есесіне қоржынында тағы бір ойыны бар. Конференциялар Лигасында косовалықтар екінші турда Загребтің "Динамосын" 2-0 есебімен жеңіп, тосын сый жасады.
"Балканидің" соңғы матчтары (КС-Косово суперлигасы , КЛ — Конференция лигасы)
4-1-0, 11-3
КС. "Балкани" - "Лирия" 4:1
КС. "Приштина" - "Балкани" 1:1
КЛ. "Балкани" - "Динамо Загреб" 2: 0
КС. "Балкани" - "Лапи" 2: 1
КС. "Фуше Косова" - "Балкани" 0: 2
“Астана”
Елордалық команда "Ордабасынан" жеңіліс тауып, ҚПЛ чемпионы атағын уысынан шығарып алды, бірақ оған бола қайғырып отырғаны шамалы. Григорий Бабаян чемпионатқа және еурокубоктарға қандай құрамды шығарғанына қарап, халықаралық қойылымдарға баса назар аударылғанын байқауға болады. Алайда, әзірге ол жағы оңтайлы көрініс тауып отырған жоқ. "Астана" Чемпиондар лигасынан конференциялар лигасына түсіп, осы уақытқа дейін топта ерекше жетістіксіз өнер көрсетіп келеді: 2 жеңіліс, 0 ұпай және екі турдан кейінгі соңғы орын."Астана" "Балканиден" жеңіліс тапқан күннің өзінде, плей-оффқа шығу мүмкіндігінен айырылмайды, алайда қойылған тапсырманы орындауын барынша қиындатады.
"Астананың" соңғы матчтары
3-0-2, 10-6
ҚПЛ. "Астана -" Жетісу " 2:1
КЛ. "Астана" - "Виктория Пльзен" 1:2
ҚПЛ. "Ақтөбе - - "Астана" 2: 0
ҚПЛ. "Астана - "Оқжетпес" 5: 2
ҚПЛ. "Ордабасы" - "Астана" 1: 2
"Балкани" — "Астана" матчын қайдан тамашалауға болады
Кездесудің тікелей көрсетілімін Kazsport телеарнасы өткізеді.
Болжам Сарапшылар "Балканиді" абсолютті болмаса да, фаворит деп санауға бейім: косовалықтарға 2.07 , ал "Астанаға" 3.50 коэффициенті ұсынылып отыр. Оған қоса, екі команда да көп гол соққыш болып келеді, ал бетпе-бет кездесуде олар жеңіске ұмтылатыны сөзсіз: шабуылда белсенді болуы тиіс, басқа амалдары жоқ. Сондықтан сарапшылар 1.71 коэффициентімен "екеуі де гол соғады" деген нұсқасына назар аударуды ұсынады