Атырау, 26 қараша 22:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Атырау – Индер облыстық тас жолына қызмет көрсететін мекеме жоқ

797 просмотра

«Белсенді азаматтар-06» телеграм-чатында облыс тұрғынын «Атырау-Индер» тас жолында неліктен бөлу сызығы жоқ деген сұрақ толғандырған.

Әкімшілік полиция басқармасынан жауап келді: «Атырау-Индер» жолы – облыстық маңызы бар трасса. Қазіргі уақытта 2023 жыл басталғалы  облыстық маңызы бар жолдарға қызмет көрсетумен айналысатын мердігер ұйым анықталмағандықтан, мұндай жолдарға қызмет көрсетілмейді. Бұл мәселені тезірек шешу үшін Атырау облыстық полиция департаменті облыс әкімдігіне ресми хат жолдады. Мердігер анықталғаннан кейін кемшіліктерді жою туралы ұйғарым жолданады».

Бұл жерде «облыстық маңызы бар жолдарға қызмет көрсету мәселесі неге 10 айдан бері шешілмей келеді?» деген орынды сұрақ туындайды

Жомарт ӘМІРХАНОВ

24 қазан 2023, 11:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.