Атырау, 26 қараша 22:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Егер ыстық судың орнына жылы су ағып тұрса...

973 просмотра

«АЖ» әлеуметтік желілерді бақылау барысында, Атыраудағы көптеген ықшамауданында шүмектерде ыстық судың аз ағатынын анықтады. Адамдар ваннаға шомылу үшін суды сағаттап ағызып, дәлел ретінде қала тұрғындары термометрлерінің фотосуреттерін жариялап, жазба қалдырған.

Осындай келеңсіз жағдай Азаттық даңғылы, Сәтпаев даңғылы, Рахат маңы, Нұрсая, Авангард, Балықшы және Алмагүл ықшамаудандарындағы тұрғын үйлерде орын алып отыр. Уәлиханов көшесіндегі үйлердің тұрғындары, керісінше, шүмектен қайнаған су ағып тұрғанына шағымданған.

«Авангард-3, 6-үй: бізде бірнеше күннен бері осындай жағдай. ПИК-ке шағымдансақ, олар қарап кетеді, келесі күні су дұрыс жүреді, бірақ келесі күні қайтадан жартылай жылы су ағады: су азды-көпті ысығанша бір сағаттай күту керек, бірақ сонда да ыстық болмайды», - деп шағымданады тұрғындардың бірі әлеуметтік желіде.

«Кеше күні бойы жылы су ағып тұрды, су арыны да бәсең. 109-ға қоңырау шалсақ, «өз ПИК-теріңе хабарласыңдар» дейді».

«Сәтпаев 19а-да да дәл сондай жағдай, неден екенін анықтай алмай отырмыз, ал ыстық су үшін төлем жүріп жатыр!»

«Азаттық, 94. Ыстық судың температураның құқбылып тұр. Менің ойымша, басшылық не болып жатқанынан хабардар, ал бізге бәрі дұрыс екенін айтады. Ендеше, қандай қызмет болса, төлемі де сондай болады!».

«Рахатта да солай, жылу пунктінде 4 оператор жұмыс істейді, байқағанымыз, 2 ауысымда ыстық су, 2 ауысымда өте жылы су жүреді. Демек,  екеуі адал жұмыс істейді, ал қалған екеуі олай емес. Диспетчерге шағымдану керек».

Біздің ресми сауалымызға берген жауабында Атырау облысының энергетика және ТКШ басқармасы басшысының м.а. Серікқали ҚАНАПИН «Атырау жылу жүйелері» АҚ кешенді зерттеу жүргізгенін хабарлады. Бір қызығы, ыстық судың жеткіліксіз температурасы туралы шағымдар расталмады. Проблема Балықшы мен Алмагүлдегі екі пәтердің ыстық су жүйесінде ғана анықталды.

Айта кету керек, ҚР ҚН 4.01-02 2011 «Ғимараттар мен құрылыстардың ішкі құбырлары мен кәріз жүйесі» нормасына сәйкес, жабық жылу жүйелеріне арналған су алу нүктелеріндегі ыстық судың температурасы кемінде 50 градус болуы керек.

Тексеру болғанын және ТКШ бөлімінің проблеманы таппағанын ескерсек, шағымданғандардың термометрлерінде ақау бар немесе денесінің терморегуляциясы дұрыс емес деп болжауға болады.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

23 қазан 2023, 21:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.