Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі кәсіпкерге сәулет-жоспарлау тапсырмасын (СЖТ) беруден бірнеше рет бас тартқан лауазымды тұлғаны айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Атырау қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің лауазымды тұлғалары бас тартуды жоспарланған құрылыстың бекітілген бас жоспарға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына немесе елді мекендерді дамыту және салу сызбасына сәйкес келмеуімен түсіндірді. Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментімен бірлесіп, Атырау облысы бойынша ӨКП алаңында лауазымды тұлғалардың қатысуымен кездесу өткізді. Оның қорытындысы бойынша кәсіпкердің құқығы қорғалып, мақсаты өзгертіліп, техникалық төлқұжат әзірленді.
Айта кетерлігі, «Бизнеске жол» жобасы аясында жыл басынан бері кәсіпкерлердің құқығын бұзған 7 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылып, оның 5-еуі тәртіптік, 2-еуі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА