Ғасырға жуық тарихы бар Құрманғазы ауданының құрылғанына 95 жыл толу мерейтойды атап өту басталды. 23 қазан күні ол аудан орталығында «Қасиетіңнен айналайын, Құрманғазым» атты Батыс аймақтық ақындар айтысымен басталды.
С. Көшекбаев атындағы Мәдениет үйінде өтіп жатқан айтысқа сегіз ақын бақ сынауда. Олар Айнабек БИСЕНҒАЛИЕВ (БҚО), Жанболат ӘЛИЕВ (Маңғыстау облысы), Самар ОРЫНБАЙ (Ақтөбе облысынан), Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ (Атырау қаласы), Серік ҚОЙШЫҒҰЛОВ (Махамбет ауданы), Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ (Құрманғазы ауданы), Нұрболат НҰҒМАНОВ (Исатай ауданы), Салауат КӘРІМҰЛЫ (Қызылқоға ауданынан). Жыр додасының үздігіне 500 мың теңге ақшалай жүлде тігілген. Жалпы ақындар мүшәйрасына 2 млн 838 мың теңге қаралған.
24 қазан күні Лягушкин елді мекені маңында өтетін бәйге алаңында 6 шақырымдық «тай жарыс», 9 шақырымдық «құнан жарыс», 24 шақырымдық «аламан бәйге» ұйымдастырылмақшы. Аламан бәйгенің жеңімпазына автокөлік сыйланатын болса, басқа жүлдегерлерге ірі қара және жылқы, ақшалай сыйлықтар белгіленген.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА