Атырау, 26 қараша 22:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Министр «Атырау-Астрахань» жолындағы жөндеу жұмысын тексерді

Сурет
1 158 просмотра

Марат ҚАРАБАЕВ «Атырау-РФ шекарасы (Астрахань)» автожолының учаскелерін қайта жарақтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс барысын тексерді. Жұмыс сапары барысында ол 3 учаскеге барып, шұғыл жиналыс өткізді.

Министр ел Президенті мен ведомство басшылығы аталған жол учаскелерін қайта жаңарту жобасына ерекше назар аударатынын атап өтіп, трассаны пайдалануға берудің жоспарланған мерзіміне жету үшін құрылыс қарқынын төмендетпеуді сұрады.  

«Атырау-РФ шекарасы (Астрахань)» автожолы ҚР батыс және солтүстік өңірлерінің РФ шығатын көлік байланыстарын қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ облыстық және жергілікті жүктер мен жолаушылар тасымалын ұйымдастыру барысында зор маңызға ие.

Учаскенің жалпы ұзындығы 277 шақырым. Осылайша 2020 жылы №5 учаске (833-853 км) пайдалануға берілген. Ал биыл жылдың соңында ұзындығы 40 км №6 (853-893 км) учаскені тапсыру жоспарланып отыр.

217 км жол (616-833 км) ЕҚДБ қарызы есебінен қайта жаңартылуда. Бүгінгі таңда 217 км-ден 167-ге дейін жабынның төменгі қабаты пайдалануға берілген.

Жыл соңына дейін бүкіл учаске бойынша жол жүруді қамтамасыз ету көзделіп отыр. Жобаның толық аяқталуы 2024 жылға жоспарланған.

Жомарт ӘМІРХАНОВ

23 қазан 2023, 13:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.