Атырау, 26 қараша 22:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Көлік министрі Марат Қарабаев Жайық-Каспий каналының жұмысымен танысты

Сурет
1 040 просмотра

Атырау облысына жұмыс сапары барысында Марат ҚАРАБАЕВ Атырау қаласын Каспий теңізінің порттарымен байланыстыратын су жолы қызметін атқаратын Жайық-Каспий каналының жұмысымен танысты.

Каналдың жалпы ұзындығы 56 км, оның 35 шақырымы өзен бөлігі және 21 шақырымы теңіз бөлігі. Биыл теңіз бөлігіндегі каналда кепілдендірілген тереңдіктерді қамтамасыз ету үшін проблемалық учаскелерде (48-50 км) 70 мың текше метр көлемде тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Министрге осы ақпаратты «Қазақстан су жолдары» РМҚК өкілдері баяндады.

1942 жылға дейін каналдың ұзындығы 46,5 км болса, оның 11,7 км теңіз бөлігіне тиесілі. Өзен бөлігінде бастапқы өту тереңдігі 1,8 метрді, ал теңіз бөлігінде 2 метрді құрады. Әрі қарай теңіз деңгейінің төмендеуіне байланысты каналдың ұзындығы ұлғайып, 1972 жылы 56 шақырымды құрады.

Каналды кеме жүретін жағдайда ұстау мақсатында 2004-2005 ж.ж. қайта жарақтау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде теңіз бөлігінде тереңдік 4 метрді, өзен бөлігінде 3,6 метрді құрады. Кейінгі жылдары кеме жүретін өлшемдерді сақтау үшін ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізу ұсынылды.

Жомарт ӘМІРХАНОВ

23 қазан 2023, 12:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.