Атырау, 26 қараша 19:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Электр бағаналары да ескіреді

802 просмотра

Атырау облысының кей жерінде электр бағаналарында жарықшақтар пайда болып, жұртшылықтың үрейін ұшырып тұр. Егер бұл бағаналарды дер кезінде ауыстырмаса желде құлап, зиян келтіруі мүмкін екені де айтылып жатыр.

Өңірде 14 мың шақырымға жуық электр желісі тартылған. Қазір оның 40 пайызы тозып тұр. Қазіргі таңда теміржол желісіне жақын орналасқан «ЭЧ-4» мекемесіне қарасты тозығы жеткен электр желілерін толықтай ауыстыру жұмыстары жергілікті бюджет қаражатынан жүргізіліп жатыр. 

Бұл жұмыстар бұрын да жүргізілген. Мәселен, 2020 жылы Құлсары қаласы мен Жамансор ауылында 184 млн теңгеге 557 бағана, ал 2022 жылы 14 бағана ауыстырылды. Осы жылдың соңына дейін Кенбай, Доссор ауылдарында жаңартылған 546 бағана іске қосылады деген есеп бар. 

- Жасыратын жоқ, соңғы жылдары Жылыой ауданы Құлсары қаласында 229, Қызылқоға ауданы Миялы ауылдық округте 772, Махамбет ауданы Ақжайық, Есбол ауылдарында 556, Исатай ауданы Х. Ерғалиев, Томан, Тұщықұдық, Зинеден ауылдарында 568, Атырау қаласының аумағындағы 1388 дана темірбетон бағаналардың бойынан тік жарықшалар пайда болды. Бұл жылдар өте пайда болған жарықшалар, - дейді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Айдулат КЕНЖЕБЕКОВ. - Жалпы тұрғындар тарапынан наразылық туғызып отырған аудандарда 4000-ға жуық бағана анықталған. Құрманғазы, Қызылқоға, Исатай, Жылыой аудандарында мердігерді анықтап, жұмыстары басталуда.  Махамбет ауданы мен Атырау қаласы аумағындағы бағана ауыстыруға 463 млн теңге бөлініп, конкурс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бағаналарды ауыстыру 2024 жылы да жалғасады.

- Бағандағы жарышалар мердігерлердің қателігінен болған ба?

- Тағы да айтамын, темірбетон бағаналардағы жарықтар жылдар өте пайда болған. Екі жыл кепілдігі барлар өз есебінен жұмысты жүргізеді. Жалпы бұл жарықшалар мердігердің қателігінен емес, бұл сапасыз өнімдердің салдарынан болып жатқан жайт. Ал өнімді беруші мекемелер - «Электро-Бетон», «Бетон-Пресс» ЖШС-тері. Қазіргі уақытта мердігер мен өнім беруші мекеменің арасында сот процестері жүріп жатыр. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Сурет әлеуметтік желіден алынды

26 қазан 2023, 12:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.