«ЭКО» қоғамдық ұйымы мен Қазақстанның Халықтық партиясы облыстық филиалы Нұрсая ықшамауданында «Өз жерімізді таза ұстайық, өз балаларымызға үлгі көрсетейік!» атты акция өткізді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Оған «ЭКО» қоғамдық ұйымының белсенділері, ҚХП өкілдері, экологтар мен жергілікті тұрғындар қатысты. Солардың бірі – зейнеткер, ҚХА әйелдер қанатының жетекшісі Людмила КӨБЕНТАЕВА қалада өткізіліп жатқан сенбіліктердің тұрғындарға да, жалпы қалаға да үлкен пайда әкелетінін атап өтті.
– Мұндай шараға бірінші рет қатысып отырмын. Бұл өте пайдалы тәжірибе деп ойлаймын. Біріншіден, бұл экологиялық шара. Қазір қоқыстарды сұрыптап, арнайы орындарға жеткізу, сондай-ақ ластанған аумақты тазалау жұмыстары жүргізілуде. Осындай іс-шаралардың қаламызда өтіп жатқанына қуаныштымын, алдағы уақытта бұған барлық қала тұрғыны қатысады деп ойлаймын, - деді Л.Көбентаева.
Қалдықтарды уақтылы жинау және қала тазалығын сақтау маңыздылығын халыққа түсіндіру мақсатында экологиялық қалдықтарды бөлу жобасы жүзеге асырылуда.
Алдағы уақытта мұндай шаралар ай сайын өткізілетінін атап өтеміз..
Жомарт ӘМІРХАНОВ