Өңірдің әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысында қызмет көлігін жеке мақсатта пайдаланған Индер ауданының Бөдене ауылдық округі әкімінің әрекеті талқыланды.
Айта кету керек, заңда мемлекеттік қызметшіге өз қызметінің материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамту құралдарын қызметтік емес мақсатта пайдалануға тыйым салынған. Бөдене ауылдық округінің әкімін қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жазаға тарту ұсынылды.
Кеңесте мемлекеттік органдарға тигізілген зиян үшін мемлекеттік қызметшілердің материалдық жауапкершілігі мәселелері бойынша талдау қорытындысы баяндалды.
Мәселен, Атырау облыстық Еңбек инспекциясы басқармасының екі қызметкерінің іс-әрекеті нәтижесінде мемлекеттік органға залал келтірілген. Кейін регресс тәртібімен қалпына келтірілді. Оларға қатысты басқарма тиісті шаралар алды.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА