«Белсенді азаматтар - 06» телеграм-чатына «Водниково-2» ықшамауданының тұрғыны ықшамаудан көшелерін кезіп жүрген екі сиырға шағымданды. Жануарлар үнемі қоқыс контейнерлерін жол бойына аударып, қоқыстарды шашып тастайды екен.
Учаскелік полиция инспекторлары үй жануарларының иелерін тауып, олармен профилактикалық әңгіме жүргізді. ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы 2-бөлігі «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Айыппұл 10 АЕК (34 500 теңге) құрады.
Жомарт ӘМІРХАНОВ