2023 жылдың соңына дейін Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы Қоянды топтық су құбырының 6 ұңғымасын пайдалануға беру жоспарлануда, деп хабарлады ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, биыл жыл соңына дейін Ұлытау облысындағы жұмыстары 2010 жылы басталған Есқұла су құбырын физикалық іске қосу жоспарланған. Су құбыры сынақ режимінде іске қосылады. Нысан келесі жылдың бірінші жартыжылдығында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында екі жобаны аяқтау жоспарланған: магистральдық «Тақыркөл» су жинағышынан №1 сорғы станциясына дейінгі магистральдық су құбырының екінші желісін салу және қолданыстағы Талап топтық су құбырын кеңейту.
«Бұл қазір жұмыс жүргізіліп жатқан жалғыз жоба емес. Биыл Ақмола, Ақтөбе, Қызылорда, Ұлытау және Солтүстік Қазақстан облыстарында 34 жоба жүзеге асырылуда. Нәтижесінде 2025 жылға қарай 450 мыңнан астам адам сапалы ауыз суға қол жеткізуі тиіс», – деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан НҰРЖІГІТОВ.
Жомарт ӘМІРХАНОВ