Қалада «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» экологиялық акциясы өтеді.
Акция 21 қазанда Атырау қаласы Самал ықшам ауданы, 1-көшеде Ноғай бейітінің және «Аламан» базарының жанындағы аумақта басталады. Сондай-ақ сенбілік аясында қала аумағын, аула аумақтарын тазарту, сондай-ақ ағаш отырғызу жоспарланған, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Акцияға мемлекеттік органдар, кәсіпорындар, үкіметтік емес ұйымдар мен еріктілер қатысады.
Сонымен қатар, ормандарды сақтау және модернизациялау идеясын қолдау мақсатында 21 қазанда Атырауда Жаңаталап ауылына баратын тас жолдың бойында «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» республикалық акциясын өткізу жоспарлануда. Акция кезінде жергілікті климатқа төзімді 500-ге жуық көшет отырғызылады.
Қала тұрғындарын да сенбілікке белсенді қатысуға шақырамыз!
Жомарт ӘМІРХАНОВ