Атырау, 26 қараша 21:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

«Шағын елдегі» шуақты дастархан

Сурет
710 просмотра

Атырау, Шымкент, Орал және Астана аспаздары бүкіл әлемде 20 қазанда аталып өтетін кәсіби мерекелерін биыл ерекше түрде атап өтуді ұйғарыпты. Олар салтанатты мерекеге Атыраудағы мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілерін, ерекше балалар мен қарттар үйіндегі қарттарды шақырды.

Шараны өткізуге «Атырау.  Шағын ел» ҚБ төрағасы» Ерлан КҮМІСҚАЛИЕВ есігін айқара ашты. Айта кетерлігі, сол күні Ерланның базасына келгендердің барлығы: жүргізуші Дамир ОРАЗГОЛИЕВ, «Карамелька» демалыс агенттігінің аниматорлары, «Еркемай» шығармашылық би тобы – өз бағдарламасын тегін ұсынды. №3 мамандандырылған мектеп-интернатының тәрбиеленушілері де шығармашылық өнерлерімен көзге түсті.

Гастрономия саласының көшбасшысы, Атырау аспаздар қауымдастығының президенті Тарон АГАБАНЯННЫҢ айтуынша, кәсіби мерекеде балалар мен қарттарға дәмді түскі ас әзірлеп атап өту - нағыз ғанибет. Айтпақшы, қонақтарға дәмді палау, авторлық тағамдар және әдетте балалар ұнататын барлық тәттілер ұсынылды.

«Даун синдромы бар сәбилердің қарапайым балаларға қарағанда басқаша дамитынын білесіз бе? – деп құлағыма сыбырлады риза болған Ерлан мейрам қызған шақта. – Олардың қозғалысты дамуы баяу және дағдыларды дамытуға көп уақыт кетеді. Ал біздің  күн балаларымыз секіріп, билеп жатыр. Демек, олар дұрыс және жақсы нәтижемен дамып келе жатыр...».

Бұл шын мәнінде солай. Меніңше, мереке сәтті өтті - аспаздар мен ұйымдастырушыларға рахмет.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Суреттерді түсірген автор

21 қазан 2023, 20:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.