Қосшағыл ауылындағы 180-ге жуық отбасы тұратын Д.Шығайұлы көшесінің тұрғындары үшін балалар ойын алаңы салынатыны туралы хабар көптен күтілген еді. Өйткені бұрын ол жерде балалардың бос уақыты ұйымдастырылмаған еді. Биыл «Qoǵamdyq keńistikter» бағдарламасы аясында тұрғындар күш біріктіріп, ойын алаңдарын салуды ұйғарды.
– Ауылымызда 150-ге жуық бала тұрады. Мақсатымыз - олардың бос уақытын тиімді пайдаланып, спортпен шұғылдануына жағдай жасау. Балалар ойын алаңы мен ашық жаттығу алаңы үшін 150 шаршы метр аумақты орнату идеясы шабыттандырды. Біздің идеямыз «Qoǵamdyq keńistikter» бағдарламасының арқасында жүзеге асты, - дейді жоба жетекшісі Масаты АСАБАЕВА.
Жаңа Қаратон ауылының белсенді азаматтары да көптен күткен балалар ойын алаңын салып, ауыл тұрғындарын қуантты.
– Бұл жерге 2000 жылы көшіп келгенбіз. Мұнда 330-ға жуық адам тұрады, оның 110-ы мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар. «Qoǵamdyq keńistikter» жобасына қатысқанның арқасында, сондай-ақ бастамашыл топтың көмегімен бізде балалар алаңы бар, - дейді жоба жетекшісі Хангелді БӨЛЕБАЕВ.
Жомарт ӘМІРХАНОВ