Атырау, 23 желтоқсан 08:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Полицейлер терезеден секірмек болған ер адамды құтқарды

Бейнежазба
850 рет қаралды
Видеодан алынған кадр

Тәртіп сақшыларының жедел әрекет етуі арқасында өз-өзіне қол салмақшы болған азамат құтқарылды. 

20 қазан күні сағат 15:55 шамасында 102 номеріне Жылыой ауданы №2 ықшамауданының 1985 ж.т. тұрғыны күйеуінің 5 қабаттан секіргелі тұрғанын хабарлады. Аталған хабарлама бойынша учаскелік полиция инспекторлары полиция лейтенанты Алтай Дүйсенғалиұлы, Нұрасыл Муканов, Бауыржан Тасекенов және полиция капитаны Әділет Рахымұлы мекен-жайға уақытылы жетіп, терезеден секірмекші болған күйеуін үй ішіне тартып, құтқарып қалған. 

Мәселенің мән-жайын анықтау кезінде 1985 ж.т. әйел күйеуінің мас күйде келіп, мазасын алып, соңында 5 қабаттың терезесіне шығып, қорқыту мақсатында өз-өзіңе қол салмақшы болғанын жеткізген. Дәрігерлік сараптамадан өткізген кезде 1983 ж.т. азамат жеңіл дәрежеде мас екені анықталды.

Видео ПД

21 қазан 2023, 23:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.