Ұлттық банктің Атырау филиалы «7-20-25» бағдарламасы бойынша облыста жалпы сомасы 183,4 млрд теңгеге 13 060 өтінім түскенін хабарлады.
2023 жылғы 12 қазандағы жағдай бойынша 1 429 өтінім мақұлданды. Оларға берілген несие сомасы 21,1 млрд теңгені құрады.
Еске салайық, бағдарлама қазақстандықтарға 25 жылға дейін жылдық 7 пайыздық жеңілдікпен және 20 пайыздық бастапқы жарнамен қолжетімді ипотеканы ұсыну үшін 2018 жылы іске қосылған болатын. 2023 жылы бүкіл республика бойынша бағдарламаның лимиті 100 млрд теңгені құрайды.
Жомарт ӘМІРХАНОВ