Атырау, 15 тамыз 16:08
 дождьВ Атырау +26.5
$ 464.02
€ 536.18
₽ 5.54

Екі қойды ұрлап, жазаларын алды

1 000 рет қаралды
freepik.com 

Екі қойды ұрлап, кейін сол ауылдың тұрғындарының біріне сатып жіберген Махамбеттің үш мал ұрысы сотқа тартылды.

Атырау облысының Махамбет аудандық соты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы («Мал ұрлығы») бойынша сотталушылар А., С., Т.-ға қатысты қылмыстық істі қарады. Сотталушылардың қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде қой иесіне 250 000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген.

Сот оларды кінәлі деп тапты. Істің егжей-тегжейінен белгілі болғандай, сыбайластардың жасы 18-де, олардың бірінің мүгедектігі бар. Сотта процеске қатысушылардың барлығы татуласып, жәбірленушіге келтірілген залал өтеліп, әрқайсысына шартты түрде 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Жомарт ӘМІРХАНОВ 

20 қазан 2023, 23:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.