Жедел басқару орталығының қызметкерлері Interceptor іздеу жүйесінің көмегімен айыппұлдары төленбеген «ВАЗ-2110» көлігін анықтап, патрульдік полиция қызметкерлерін жіберді.
Полицейлер 1983 жылы туған жүргізушінің 793 500 теңге сомасында төленбеген 36 айыппұлы бар екенін анықтады. Көлік қазір арнайы тұраққа қойылған.
Атырау полицейлері жол ережесін қатаң сақтап, айыппұлдарды уақытылы төлеуді ескертеді.
Жомарт ӘМІРХАНОВ