Атырау, 28 қыркүйек 14:29
 ашықВ Атырау +14
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің бастығы тағайындалды

Сурет
1 066 просмотра

Атырау облысының полиция департаменті бастығының бұйрығымен Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің бастығы лауазымына полиция полковнигі Ербол БИҒАМБАЕВ тағайындалды. Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Әділхан БАЙДОСОВ аудандық полиция бөлімінің жеке құрамына жаңа басшыны таныстырды.

Айта кетейік, полиция полковнигі Ербол Валерьевич Атырау қаласының тумасы. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің түлегі. Еңбек жолын 1999 жылы Атырау қалалық ішкі істер басқармасында жедел уәкіл болып бастаған. Жаңа тағайындауға дейін Е.Биғамбаев Атырау облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы қызметін атқарған.

Жомарт ӘМІРХАНОВ

20 қазан 2023, 16:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.