Түркістан қаласынан бастау алған «Шахмат керуені» облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының, Қазақстан шахмат федерациясының және Ғ.Айдаралиев атындағы Атырау облыстық шахмат федерациясының қолдауымен Атырау қаласында өтеді.
Шахмат керуеніне Қазақстан Республикасының Конституциясы күні Атырау қаласында өткен іріктеу турнирінде үздік нәтиже көрсеткен ЭЛO рейтингісі 2000-нан жоғары емес 20 спортшы қатысады.
Жарыстың бас төрешісі – халықаралық санаттағы төреші Жәнібек АПАНОВ.
Шахмат керуені 28 қазан күні сағат 09:30-да Бейбарыс алаңында басталады.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік шахматшылар Түркістан қаласында өтетін «Шахмат керуені» жобасының гранд-финалына қатысуға мүмкіндік алады.
Жомарт ӘМІРХАНОВ