"Этихад Аренадағы" турнир біздің назарымызға тұрарлық екені анық. Титулдық реванш, екі үздік балуанның жекпе – жегі және танымалдығы артып келе жатқан жұлдыздар - осының бәрі бізді 21 қазанда күтеді. Parimatch сарапшыларымен UFC 294-тің басты жекпе-жектерін талқылайық.
Жыл реваншы
Бастапқыда Ислам Махачев (24-1) жеңіл салмақтағы атағын Чарльз Оливейрадан (34-9) қорғауы керек еді, дәл сол бір жыл бұрын белбеуін тартып алған еді. Бірақ содан кейін бразилиялық спортшы жарақат алып, оның орнына Алекс Волкановски келді (26-2) – наурызда жеңіл салмақтағы чемпион Махачевпен шайқасып, жақын жекпе-жекте төрешілер шешімімен жеңіліп қалды.
Ислам мен Алекс - жоғары деңгейдегі спортшылар және өз салмақ дәрежесіне лайықты патшалары. Бірақ соңғы реттегідей, Махачев фаворит болып көрінеді: оның дене бітімі үлкенірек, физикалық жағынан мықтырақ және грэпплингте қарсыласына қарағанда әлдеқайда жақсы. Parimatch сарапшылары Волкановскиге 3.40 ұсынса, оған 1.35 беріп отыр. Бірақ аталған жағдай Алексті ұрып-соғып тастай салатын бала етпейді: оның жақсы боксы, мықты лоу-киктері бар және қашықтықты керемет сезіне алады. Олай болса, жеңіске жету үшін ол соққы техникасына сүйенуі керек: Алекстің нокаутқа түсурі мүмкіндігі 5.70 –ке, ал жеңіске төрешілер шешімімен жетуі 7.00-ге бағаланады.
Спортшылардың алаңдағы қақтығысы
Хамзат Чимаев (12-0) та қарсыласын шұғыл іздеуге мәжбүр болды: Бразилиялық нокаутшы Пауло Коста (14-2) инфекцияға байланысты UFC 294 кардынан шығарылды. Ауысымға лайықты спортшы таңдалды: жартылай орта салмақтағы экс-чемпион Камару Усман (20-3) Хамзатпен шайқасқа түсетін болды.
Екі спортшының да шайқас жүргізу стильдері ұқсас: жақсы боксы бар балуандар. Бірақ қаны ыстық болып тұрған жас, әрі дене күші басымдылығының арқасында сарапшылар Чимаевты фаворит көреді: Усманға 3.30 коффициенті берілсе, оған 1.33 ұсынылған. Бірақ Акамарудың бір артықшылығы бар: ол 5 раунд бойы төзімділігін жоғалтпайды, ал Хамзатты біз мұндай қашықтықта ешқашан көрген емеспіз. Сонымен, "Викингке" жеңіске жету үшін нокаут қажет – мұндай нәтиже 2.80-ге теңестірілген.
Халық чемпионының оралуы
UFC 294-те жанкүйерлер Ян Блаховичпен (29-10) өткен даулы тең есепті шайқастан кейін ринге шықпаған Магомед Анкалаевты (17-1) қайта көре алады. Жанкүйерлер де, сарапшылар да Магомедтің бұл жекпе-жекте жеңіп, жеңіл салмақтағы титулды алу керектігімен келіседі. Енді оны әйгілі нокаутшы Джонни Уокермен (21-7) жаңа сынақ күтіп тұр.
Анкалаев бұл шайқастың айқын фавориті ретінде көрінеді: ол күресті жақсы жүргізеді, тұрыстағы шайқаста керемет, оған қоса одан да жоғары деңгейдегі жекпе-жектер өткізген болатын. Parimatch сарапшылары да сондай ойда: Уокерге 4.50, ал оған 1.18 коэффициенті ұсынылған. Алайда, күш пен соққыда Джонни Магомедтен еш кем түспейді: Бразилиялық спортшы өзінің жарқын нокауттарымен танымал. Яғни, бұл жекпе-жекте қарсыластардың біреуі нокаутқа кететіні анық: сарапшылар мұндай нәтижеге 1.60, 1.90 – Анкалаевтың нокаутына, 6.50 – Уокердің нокаутына ұсынады.