Атырау, 5 желтоқсан 18:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

АҚШ президенті Израиль мен Украинадағы жағдайға байланысты халыққа үндеу жасады

733 рет қаралды
© instagram/joebiden

АҚШ президенті Джо Байден бейсенбіде кешкісін Израиль мен Украинадағы жағдай туралы халыққа телеүндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ол әлем бетбұрыс кезеңінде тұрғанын, болашаққа әсер ететін шешімдер қабылдау керек екенін айтты. "Біз тарихтың бетбұрыс кезеңінде тұрмыз, бүгінгі қабылдаған шешімдеріміз алдағы онжылдықтардағы болашақты қалыптастырады", - деді Байден.

Ақ үй басшысы нақты сандарды жарияламай, Израиль мен Украинаны қаржыландыру үшін Конгресске төтенше бюджеттік өтінім бағытталғанын хабарлады.

"Украинаға қатысты мен Конгресстен Украинаға өздерін қорғауға қажетті қару-жарақты үздіксіз жіберуді жалғастыруымызға кепілдік беруін сұраймын", - деді Байден.

Байден Киев пен Тель-Авивке көмекті америкалықтардың болашақ ұрпақтарына "дивиденд"әкелетін "саналы инвестиция" деп атады.

Сондай-ақ, Байден америкалық армияның Ресей армиясымен соғысуын қаламайтынын атап өтті, ол Украинаға америкалық әскер жіберуді жоспарлап отырғанына сендірді. Оның айтуынша, егер Ресей НАТО одақтастарына шабуыл жасаса, АҚШ "НАТО-ның әрбір дюймін" қорғайды.


20 қазан 2023, 09:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.