Атырау, 14 қаңтар 17:34
 қар жаууы ықтималВ Атырау -4
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Тас жолда басқару құқығы жоқ мас жүргізуші анықталды

747 рет қаралды
freepik.com 

Республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 723-шақырымы тұсында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері күдік тудырған ВАЗ-2112 автокөлігін тоқтатқан.

Тексеру кезінде көлік жүргізушісінен алькогольдік, спирттік иіс байқалып, медициналық сараптамадан өткізу барысында 1997 ж.т. көлік жүргізушісінің жеңіл дәрежелі мас екендігі анықталды. Сондай-ақ, аталған азаматтың көлік құралын басқару құқығы жоқ күйде басқарғаны белгілі болды. 

Қазіргі таңда көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігі бойынша хаттама жасақталып, сот шешімімен 20 күнге әкімшілік қамауға алынды.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

20 қазан 2023, 23:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.