Атырау облысындағы онкология диспансері жаңа құрал-жабдықтармен – қатерлі ісік ауруын ерте даму кезеңінде анықтауға қабілетті УДЗ аппаратымен толықты.
Құрылғыны Avon компаниясы сүт безі қатерлі ісігіне қарсы миссия аясында сыйға тартты.
Avon Kazakhstan бас директоры Әсел САДЫҚҰЛОВАНЫҢ айтуынша, компанияның басты миссияларының бірі - әйелдерге қамқорлық жасау. Сондықтан Avon 15 жылдан астам уақыттан бері «Сүт безі қатерлі ісігіне қарсы күрес миссиясы» деген атаумен дүниежүзілік науқанға қолдау көрсетіп келеді. Оның басты мақсаты – ауру туралы көбірек хабардар болу және маммолог дәрігерге барудан қорқуды азайту.
- Біз әр әйелдің күнделікті шаруасы секілді қарап, өзін-өзі үнемі тексеруден өткізіп, дәрігерге барып тұрғанын қалаймыз. Өйткені, 95% жағдайда ерте диагностика өмірді сақтап қалуы мүмкін. Сыйлығымыз кем дегенде бір әйелді құтқарса, демек, біздің миссиямыз орындалғаны, - деді А.Садықұлова.
Айтпақшы, «Қызғылт лента» акциясы аясында бүкіл Қазақстанда 6 жыл бойына мектеп оқушыларына өзін-өзі тексеру әдістері, ал маммолог-онкологтар мен гинекологтарға тиімді диагностикалық әдістер үйретілді. Сондай-ақ онкомаркерлерді тегін анализ жасауға квоталар бөлінді, сүт бездеріне жасалатын операциядаан кейін әйелдерге психологиялық кеңестер берілді, ремиссияда әйелдер үшін әлеуметтік өмірге қайта оралуы үшін протезді іш киім сатып алынды. Қазақстанда және Орталық Азияда қайырымдылық шерулері өтті.
Белгілі болғандай, құны 9,5 миллион теңге тұратын жаңа портативті УДЗ аппараты дененің кез келген жерінен қатерлі ісік ауруын анықтауға қауқарлы. Онкология диспансерінің дәрігерлері бұл жабдықтың сапасы өте жоғары екенін, оның тасымалдануы ауыр стационарлық қондырғыларды жеткізілуі қиын облыстың шалғай ауылдарындағы науқастардың ауруын анықтауға көмектесетінін атап өтті.
Айтпақшы, соңғы 12 жылда Қазақстанда сүт безі обыры онкологиялық аурулар құрылымында тұрақты бірінші орында. Бұл көрсеткіш жылдан жылға өсіп келеді: егер 2020 жылы ауру көрсеткіші 100 мың халыққа шаққанда 22,8% құраса, онда 2022 жылы 26,3%-ға дейін артта.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА