Атырау, 26 қараша 21:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

​Атырау облысында қызылшамен ауырғандардың жартысынан көбі екпе салдырмаған

592 просмотра

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өңірдегі қызылша жұтырғандарға жайында түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, қазір қызылша жұқтырғандар бөлімінде 74 науқас ем алып жатыр: оның 67-сі балалар, 21-і бір жасқа дейінгі балалар, 1-14 жас аралығындағы балалар – 46, жүкті әйелдер – 2, ересектер – 5.
Науқастардың ішінде: емделген науқастардың 17,8% -ы вакцинациялау жасына толмағандар, 3,4%-ының вакцинация алған-алмағаны белгісіз, 18,8% -ы вакцинацияланған және 60% -ы вакцинацияланбаған.

2023 жылғы 2 наурыз бен 19 қазан аралығында Атырау облысында қызылша жұқтырған 724 жағдай тіркелді, оның ішінде ауыр халдегі тоғыз науқас жансақтау бөлімінде емделді. Бүгінгі күні жансақтау бөлімінде қызылшамен жұқтырғандар жоқ.

"Қызылша инфекциясы бойынша медициналық көмекке жүгінгендердің арасында өлім жағдайы тіркелген жоқ".

Қызылшаға қарсы вакцинацияны тіркеу орны бойынша емханадан алуға болады.

19 қазан 2023, 16:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.