Атырау, 26 қараша 21:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Тосол нашар болса, мотор бұзылады: антифриз сатушы айыппұл арқалады

538 просмотра

Атырау облысында сапасыз салқындатқыш сұйықтықты сатушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің баспасөз қызметі.

ҚР ӘҚБтК-нің 802-бабына сәйкес, «Мастерок» ЖК-не қатысты техникалық регламент талаптарына сай келмегені үшін Мәскеу қ., 127206, «МастерОйл» ЖШҚ шығарған 5 кг, «Тосол ELITECOOL» салқындату сұйықтығын сату фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Өнімнің кристалдана бастау температурасы минус 22°C болған (регламентке сәйкес ол минус 35°С жоғары болмауы керек), антифризде сонымен қатар 20%-дан астам метил спирті болған (регламентке сәйкес, 0,05%-дан аспау керек).

Кінәні мойындауына байланысты, құқық бұзушыға қысқартылған өндіріс аясында 336 375 теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынды.

Қазір айыппұл толығымен төленді.

Жомарт ӘМІРХАНОВ

19 қазан 2023, 16:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.