деп жырлаған қазақтың тума талант ақыны, ағартушы-демократы Сұлтанмахмұт ТОРАЙҒЫРОВТЫҢ туғанына 130 жыл толуына орай Бесікті ауылдық кітпаханасында «Ойы көркем, тілі шешен» атты ақпарттық сағаты ерекшелігімен есте қалды.
Бұл шарада ақынның өмірі мен шығармашылық ізденісі, өлеңдерінің мазмұны мен маңызы басты тақырыпқа айналды. 1893 жылы 28 қазанда Көкшетау облысы Қызылту ауданында туған. Осы кезден өлеңге деген құштарлығы оянған ақын 1911 жылы жаңаша оқыған Нұралы ұстазының арқасында қазақ, татар тілдеріндегі әдеби кітаптар мен газет-журналдармен танысады. Білімге деген құштарлығымен Сұлтанмахмұт 1912 жылы Троицкідегі Ахун Рахманқұли медресесінде бір жылдай оқып, өкпе ауруына шалдыққасын оқудан шығып қалады. Осы жылдан бастап ақынның шығармашылық жаңа кезеңі орнығып, жастарды оқу-білімге шақырады. Бұдан кейін сан-салалы өмір жолынан өткен ақын бар-жоғы 27 жасында қайтыс болса да артына зор мұра ретінде мән-мағынасы жойылмайтын шығармаларын қалдырады.
Шараға белсене қатысқан оқушы Манас БАУЫРЖАН:
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жат тоқып ал көңілге.. деп ақын өлеңін жатқа айтса, ал Жанель ТАРҒЫН «Мен қазақ», Айару МЫРЗАГЕРЕЙ «Қазақ тілі» атты ақын өлеңдерін мәнерлеп жарыса оқыды. Шара соңында ақынның шығармаларына шолу жасалды.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Фото Атырау қалалық орталық кітапханасының парақшасынан