Атырау, 26 қараша 21:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Атыраулық энергетиктер: «Жарық пен жылу тапшылығы болмайды»

581 просмотра

Атырау облыстық мәслихатының Бюджет, қаржы, экономика, және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының жоспарлы отырысында өңірдің электр энергиясымен тұрақты қамтылуы туралы мәселе қаралды.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Айдулат КЕНЖЕБЕКОВТІҢ айтуынша, облыста электр энергиясын 7 мекеме тәулігіне 800-850 МВт өндіріп отыр. Энергия көздері КЕГОК АҚ-ның жоғары кернеулі желілері және «АтырауЖарық» АҚ-ның желілері арқылы жеткізіледі.

Аймақтағы электрэнергиясын тұтыну көлемі – 812 МВт. Оның ішінде, «АЖЭО» АҚ-166 МВт, КУС-270МВт, АМӨЗ – 2 МВт, Кашаган «NCOC»-127 МВт, ТШО –232 МВт, Манаш -15 МВт, Транзит-220 кВ арқылы. Халықтың тұтыну көлемі 400-450 МВт құрайды.

- Атырау ЖЭО-ның бекітілген қуаттылығы 414 МВт болса, өндіріп отырған электр қуаты бүгінгі күні тәулігіне 170-200 МВт. «АЖЭО» АҚ-ның 11 турбоагрегаттың қазіргі таңда 6-уы жұмыс жасап тұр, 2-уі резервте, 3-еуі жөндеуде. Бұл мекеменің электр және жылу энергиясын өндіруіне жазғы мезгілде тәулігіне 260 мың м3, қысқы мезгілде 170 мың м3 көлемде су пайдаланады. ЖЭО-ның Жайық өзенінен жаз мезгілінде төмендеп кетуіне байланысты қондырғыларын салқындату өзекті мәселе. Аталған мәселені шешу мақсатында градирня салу жөнінде ҚР Энергетика министрлігіне ұсыныс берілді, - деді басқарма басшысы.

Тұрақты комиссия төрағасы Абдолла ИДРЕСОВ жауапты мекеме басшыларына тұрғындардың жылу беру маусымында жарық пен жылудан тапшылық көрмеуін қадағалауды тапсырды.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Облыстық мәслихаттың парақшасынан алынған суреттер

19 қазан 2023, 13:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.