Ұлттық валютамыздың 30 жылдығын мерекелеу аясында Ұлттық банктің облыстық филиалы Х.Досмұхамедов атындағы университет пен С.Мұқашев атындағы политехникалық колледж студенттері үшін Ашық есік күнін ұйымдастырды.
Филиал қызметкерлері өскелең ұрпақты Ұлттық банк қызметімен, банкноттардың негізгі қорғау элементтерімен және жалған ақша жасаудың алдын алумен таныстырды. Сонымен қатар студенттер тақырыптық викторина мен нумизматика көрмесіне қатысты.
Жомарт ӘМІРХАНОВ