Атырау қаласының құрылыс бөлімінің басшысы болып Тілек МАХУОВ тағайындалды.
Атырау облысының тумасы, 1999 жылы Атырау мұнай және газ университетін инженер-механик мамандығы бойынша, 2008 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы:
2003-2008 жж. – қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы, «Бас жоспар орталығы» КМК бөлім басшысы;
2009-2010 жж. – «ТМ Проектстрой» ЖШС бас инженері;
2011-2012 – Денсаулық сақтау министрлігі күрделі жөндеу басқармасының бас сарапшысы;
2014 ж. – Жылыой аудандық құрылыс бөлімінің бастығы;
2014-2022 жж. – облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары;
Бұл қызметке тағайындалғанға дейін «БатысқұрылысИнвест» ЖШС атқарушы директоры қызметін атқарған.
Жомарт ӘМІРХАНОВ