«Атырау облысы Су Арнасы» КМК мамандары Нұрсая ықшамауданындағы Т.Жұмағалиев көшесінде кезекті қоқысты тазалады.
Кәсіпорын бригадасы кәрізді тазарту үшін мекенжайға келіп, бітелген сорғы агрегаттарынан текше метр шүберектерді - ұйысып қалған жеке гигиена құралдарын, майлықтарды, дәретхана қағазын және тоқыма емес материалдарды шығарды.
Тұрақты тексеру, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанымен, бұл мекен-жай кәсіпорын қызметкерлеріне бұрыннан таныс. Үй тұрғындары мәселенің айқындығына қарамастан, кәрізді пайдаланудың қарапайым ережелерін ұстанбай, оны қоқыс жәшігінің орнына пайдаланады.
Ұйысқан қоқыс ағынды сулардың қала көшелеріне ағып кетуіне, сорғы қондырғыларының жарамсыз болып, қалалық ағынды суларды тазарту қондырғыларының бұзылуына әкеп соқтырады. Бұл қала тұрғындары бетпе бет келуі мүмкін нақты проблемалар. Үйлеріңіз бен қала көшелерін сақтаңыздар.
Кәрізді пайдалану мәселесінде мәдениетті боп қалайық.
Жомарт ӘМІРХАНОВ