Атырау, 11 қазан 19:48
 дождьВ Атырау +26.3
$ 453.93
€ 508.72
₽ 5.35

Облыс әкімдігі мектепке дейінгі білім беруге мемлекеттік тапсырысты арттырмақ

870 рет қаралды
freepik.com

«Ашық НҚА» порталында «Атырау облысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 22 маусымдағы №141 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысының жобасы жарияланды.

Атырау облысындағы бюджет қаражаты есебінен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленушілердің жалпы саны - 34 296 бала.

Айына бір тәрбиеленушіге жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі артады:

  • жалпы мақсаттағы топтар: ауылдық жерлерде – бір балаға – 58 084 теңге, Атырау және Құлсары қалаларында – бір балаға – 51 983 теңге;
  • түзету топтарындағы тәрбиеленушілер: ауылдарда – бір балаға 107 261 теңге, қалаларда – 94 550 теңге;
  • туберкулез, аллергиялық аурулар, қант диабеті, әлсіреген және жиі ауыратын балалар топтарындағы тәрбиеленушілер: ауылдарда – 88 604 теңге, облыс қалаларында – бір балаға 78 436 теңге.

Жомарт ӘМІРХАНОВ

18 қазан 2023, 11:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.